ӨНІМДЕРІ

Институт әзірлемелерінің бірі — өнеркәсіптік кәсіпорындар мен автокөлік құралдарының улы газ шығарындыларының каталитикалық бейтараптандырғыштары болып табылады.

Планета тұрғындарын тыныш өлтіретін атмосфераның ластануының негізгі көздері: жылу электр станциялары (29%), қара (24%) және түсті металлургия (10,5%), мұнай — химия өнеркәсібі (15,5%), құрылыс материалдары (8,1%), автокөлік (13,3%, ал ірі қалаларда көлік кептелісін ескерсек 60-80%) болып табылады.

Жыл сайын орташа есеппен ірі қалаларда 100 мың тұрғынға шаққанда шамамен 35-40 мың адам тыныс алу органдарының әртүрлі ауруларымен ауырады, яғни барлық тұрғындардың жартысына жуығы! Мәселенің өткірлігі соншалықты, біз жақында өкпе аурулары бойынша алдыңғы орында тұрамыз, пульмонологтар ресми үнсіз болғанымен, барлық аурулардың 41 пайыздан астамы тыныс алу органдарымен келеді: бұл бронхиттер, демікпе және тағы да басқа түрлі аурулар.

Қалалардағы жол кептелістері газ шығындыларын көбейтуде, оның құрамына денсаулыққа аса зиянды күкірт және қорғасын оксидтері, фенолды қосылыстар, бензопирендер жоғары мөлшерде кездеседі. Олар онкологиялық аурулардың іске қосу тетігі болып табылады.

Институт ғалымдары әзірлеген каталитикалық бейтараптандырғыштар өнеркәсіптік шығарындылардың улы компоненттерін зиянсыз етуге мүмкіндік береді.

«ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» ММ-нің ақшалай қаражаты есебінен қаржыландырылатын, ҒНҒТҚ коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын «Автокөлік және өнеркәсіп кәсіпорындарының газ шығарындыларындағы ұлы компоненттерің жоятын каталитикалық бейтараптандырғыштарды металдан өндіруді ұйымдастыру» жобасы Институтқа «Ғылым қоры» АҚ-мен бірлесіп отандық катализаторларды өндіру цехты ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

ҚР патенті, «CT-KZ» № KZ 910500735 және «ПКО» № 826247615 сертификаттары бар.

Қазіргі таңда институт катализаторлары мұнай қыздыру пештерінде, автокөліктерде, жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың, банктердің және республиканың басқа да кәсіпорындарының дизельді және газ генераторларында орнатылған. Жаңа жобалар бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Әлеуметтік жауапты компаниялар атмосфераны пайдаланылған газдардан және өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтарынан тазарту — барша адамзаттың маңызды проблемаларының бірі екенін түсінеді.

Институт қызметінің бұл бағыты-бүкіл Ел мен Әлемнің экологиясындағы жағдайды өзгерту жолындағы үлкен қадам!